Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Елімізде қыркүйектің алғашқы күндерінде ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар аумағында күн күркіреп, қатты жел тұрады. Атап айтқанда, еліміздің Солтүстігі, Оңтүстігі және Оңтүстік-Шығысында нөсер жауып, ізінше күн суытады. Бұршақ жауу мүмкін. Әсіресе, Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде сынап бағанасы +5...+10 градус болса, күндіз 18 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. 

Тек еліміздің батысында ауа райы әлдеқайда жылы болмақ. Тіпті 30 градус ыстық сақталуы мүмкін. Жалпы қыркүйек айының алғашқы жартысында ызғар түседі деген болжам бар. Бірқатар облыста ең төменгі температура -10... -14 градусқа жетуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде күн райы айдың соңына таман -6-10 градусқа дейін суытады.