4 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде күн райы құбылады
Солтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын селдетіп, екпінді жел соғады.
Әсіресе тау етегіндегі елді мекендерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Тек батыс өңірде ғана аспан шайдай ашық болады, - дейді синоптиктер. Атырау, Ақтөбе және Маңғыстауда әлі де өрт қаупі жоғары. Ал республиканың солтүстік-батысы, солтүстік және оңтүстік-шығысын күндіз қалың тұман бүркейді.