Бірқатар өңірде қалың тұман түседі

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде тұман түседі.

Әсіресе Абай, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында жолда аса сақ болған абзал, дейді мамандар. Шығыс Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде екпінді жел соғады. Оның жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ал Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген аймағында аспан түнеріп, найзағай жарқылайды.