Кейбір аймақта сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендейді
Қыс дегеніңіз қыр астында тұр. Қазірдің өзінде күн райы бірде олай, бірде бұлай.
Бүгін-ертең елдің шығысында түнгі мезгілде күн 3 градусқа дейін суытады. Жалпы біраз өңірде жауын жауып, жел күшейеді. Қазгидрометтің болжауынша, тек батыс аймақта ғана тыныштау. Ал оңтүстікте әзірге 17-23 градус аралығында жылы. Ал таулы аудандарда біртіндеп 8 граусқа дейін төмендейді.