Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Атырауда күн күркіреп, қатты жел тұрады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, найзағай жарқылдайды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар өңірінде жел екпіні күшейеді. Кей жерлерде жылдамдығы секундына 20 метрден 25-метрге дейін жетуі мүмкін. Қостанай облысында да қалың тұман түсіп, жел тұрады. Синоптиктер Ақмола облысында да желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді деп отыр. Ал Ұлытау мен Қарағанды аймағында да жел күшейеді. Ел ордасы Астанада да жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін қатты жел тұрады.