Ақмола облысында жол жабылды
Ауа райының нашарлауы себепті кешкі сағат 20:30-дан бастап «Көкшетау-Атбасар» автожолында барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды.
Сондай-ақ кешкі сағат 22:00-нан бастап Астана-Щучье-Көкшетау бағытын жабу жоспарланған. Қазіргі уақытта жол бойындағы қызмет мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. "Қазавтожолдың" хабарлауынша, аталған екі бағытта 30 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.