Шымкентте құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу жеңілдеді

Шымкентте құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сыртқы талдау жұмысының нәтижесінде «eQurylys» жүйесіндегі кедергілер жойылды. Себебі соңғы екі жылда бизнес иелерінің өтінішіне 260 рет негізсіз шешім қабылданған. Сондай-ақ талдау барысында бір құжатты 10 рет тапсыруға тура келгені белгілі болды. Ал бұл жемқорлыққа жол ашады дейді, мамандар. Осыған сәйкес жауаптыларға нұсқау беріліп, кемшіліктер түзетілді. Айта кетейік, келер жылдан бастап шаһарда құрылыс көлемі екі есеге артады. Қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес жылына 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуы керек.

Нұртөре Қалдыбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары:

- Осы жұмыс барысында кәсіпкерлердің құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу кезіндегі мәселелер зерттелді. Бұл проблеманың себебі «еЛицензия» және «еQurylys» ақпараттық жүйелерінің жетілмегені болып шықты.