Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болып, жел екпіні секундына 20 метрге жетеді. Қарағанды, Жамбыл, Түркістан аймақтарын тұман басып, ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. Ал Елордада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 4, түнде 3 градусқа дейін күрт төмендеді.