Алдағы тәуліктерде ауа райы құбылмалы болады
Еліміздің барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деген болжам жасап отыр мамандар. Елордада қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Елдің батысы мен солтүстік батысында қатты жаңбыр жауады. Ал орталық аудандарда қар жауады деп болжануда.
Алина Исмағулова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы:
- Температуралық фонға келетін болсақ батыста солтүстік батыста, сондай-ақ елдің орталығында сынап бағанасы күндіз 15 градусқа дейін жылы болады. Оңтүстік-батыста ауа температурасы 12-20 градусқа дейін, солтүстікте 8 градусқа дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25 градусқа дейін жылы болады.