Шахтерлер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кеншілер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Қазір тиісті құжат Мәжіліс депутаттарының қарауында.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазір бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр. Егер құжат қолдау тапса, онда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 55 жасқа толған кеншілер мен сол салада 7 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар зейнетке шығатын болады.