Еліміздің басым бөлігінде ауа райы туралы ескерту жасалды
Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.
Еліміздің солтүстіктігі мен шығысында секундына 20 метрге дейін екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында күндіз шаңды жел болса, Ақтөбеде қалың тұман күтілуде. Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде де тұман түседі деп болжануда. Сондай-ақ Қазгидромет мамандары Шығыс Қазақстанда жауын-шашынның артуымен өзендердегі су деңгейінің көтерілу қаупі барын хабарлайды. Елордада аздаған жел тұрып, көктайғақ болады.