Еліміздің көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың көп бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.
«Еліміздің батысы мен шығысында секундына 20 метрге дейін екпінді жел тұрады. Жетісу облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Өзге оңтүстік өңірлерде тұман түседі деп болжануда. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты көктайғақ болады. Елордада қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі», - деп хабарлайды Қазгидромет.