Қазгидромет: Қараша жылы болады
Биылғы қараша айы жылы күндерімен есте қалуы мүмкін.
Қазгидромет мамандары айдың орташа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын айтып отыр. Мәселен, қарашаның алғашқы онкүндігінде еліміздің батысында ауа температурасы 18 градусқа дейін, солтүстік-шығыс өңірлерде 12, ал оңтүстікте 20 градусқа дейін жылынады. Айдың ортасынан бастап елімізде циклондардың әсері біліне бастайды.
Айжан Бейсенбаева, «Қазгидромет» АҚ инженер синоптигі:
- Қарашаның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің соңында антициклонның әлсіреуімен ауа райы жылынады. Қарашаның екінші, үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Екпінді жел болжанады. Солтүстік өңірлерде бұрқасын болуы мүмкін.