8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгдромет 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады. 

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді. 

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.