Бірқатар өңірде ауа райы құбылмалы болады
Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы екі күнде ауа райы тұрақсыз болады.
Қарлы боран соғып, жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы -10°-қа дейін төмендейді. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз.