Румыния қар астында қалды
Румынияның оңтүстік-шығысын қалың қар басып, боран соқты.
Электр желілері үзіліп, 400-ге жуық елді мекен жарықсыз қалған. Жолдар жабылып, жүздеген көлік далада қалды. Қар басқан бірнеше аймақта қауіптің ең жоғары – қызыл деңгейі жарияланған. Көлік және теміржол қатынасына шектеу қойылды. Боранның қашан басылатыны әзірге белгісіз. Сондықтан билік тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырды.
Молдовада 150 елді мекен жарықсыз отыр
Молдовада да осыған ұқсас жағдай. Омбы қар салдарынан 150 елді мекен жарықсыз отыр. Жолда қозғалыс қиындап, бірнеше ірі көлік апаты тіркелді. Қар құрсауында қалған көлік жүргізушілерін құтқаруға 1400-ге жуық полиция тартылды. Елде қауіптің сары деңгейі жарияланды.
Түркияда қалың қар жауады деп күтілуде
Метеорологтар Стамбулда да қалың қар жауады деп ескертті. Билік елдегі 44 провинцияда қауіптің қызғылт-сары деңгейін жариялады.