Алматы облысында жолдар жабылды

Күн райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Өңірде қар жауып, тұман түскен. Сондай-ақ аязға байланысты еліміздің 7 облысының 54 жол учаскесінде жүк, қоғамдық және дизельмен жүретін автокөліктердің қозғалысы шектелді. Құтқарушылар тұрғындарға қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады.