Алдағы үш тәулікке ауа райы болжамы жарияланды
Республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аяз болады.
Орталықта және шығыста сынап бағанасы 25-35 градусқа дейін төмендейді. Ел аумағында жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман түсуі ықтимал. Қазгидромет 09-11 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. «Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аяз күшейеді делінген» хабарламада.