Республикалық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Күн райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Атап айтқанда Ақмола аймағындағы «Екатеринбург-Алматы», Жетісу өңіріндегі «Үшарал-Достық» пен Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Қазір елдің бірқатар өңіріне қалың қар түсті. Осыған байланысты рсепубликалық маңызы бар жолдарды тазалау жұмыстарына 703 техника жұмылдырылды.