Еліміздің аумағында ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің аумағында ауа райы құбылмалы болады

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.  

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және екпінді жел соғады. 

Солтүстік Қазақстанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жел тұрады. Күші 30 м/с және одан да жоғары болады.