Алты облыста көлік қозғалысы шектелді
Республикалық маңызы бар жолдардың 7 аумағына қатысты осындай шешім қабылданды.
Атап айтсақ, Жамбыл мен Түркістан өңірінде жүк көлігіне, ал, Карағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының кейбір учаскесінде барлық транспорттың жүруіне шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға қазір 809 техника мен мың жарымнан аса жұмысшы жұмылдырылған.