Елордада сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Негізгі себеп: олар құрылыс-монтаждау жұмысын сапасыз орындаған
және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамаған.
2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 бұзушылықты анықтады. Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін бірнеше ұйым мен техникалық қадағалау сарапшылары жауапқа тартылды.
8 Құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
- «NAK Development» ЖШС
- «БазисДострой» ЖШС
- «КСМК-АФ» ЖШС
- «DBK-Engineering» ЖШС
- «Пропилон» ЖШС
- «ANA Astana» ЖШС
- «ППК» Жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС
- «X-Clusive qurylyus group» ЖШС