Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын, негізінен қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың солтүстік-батысында қалың қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.