Он аймақта дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 10 аймағында дауылды ескерту жарияланды.
Қазгидромет мәліметі бойынша Батыс және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында секундына 20 метрге дейін екпінді жел тұрады. Түркістан облысында қалың қар жауып, боран соғады. Елордада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз 25 градусқа дейін аяз болады.