Батыс аймақтарда аяз күшейеді
Алдағы үш тәулікте батыс аймақтарда аяз күшейеді.
Синоптиктердің болжауынша, түнде ауа температурасы 22-30 градусқа дейін төмендейді. Батыс антициклон әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады. Ал өзге облыстарда желдің екпіні күшейіп, боран соғады. Мұндағы жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.