Ақмола облысында жолдар жабылды
Ақмола облысында боран соғып, 54 бағыттағы жол жабылды.
Әсіресе Ерейментау және Жарқайың аудандарындағы жағдай күрделі, дейді маандар. Әзірге жолда қалып, зардап шеккендер жоқ. Жалпы аймақта екі күнде 87 адам құтқарылды. Оның ішінде бір жүкті әйел мен 3 шетел азаматы бар. Ал Жарқайың ауданында қар құрсауында қалған жүк көлігінің жүргізушілеріне қостанайлық құтқарушылар көмек беріп, жылыту бекеттеріне жеткізді. Қазір өңірде ауа-райының құбылуына байланысты арнайы штаб құрылды.
Еркен Берлібеков, ТЖД басқармасының бастығы:
- Қазір жылыту бекеттеріне 52 адам орналастырылды. Оның төртеуі бала. Жалпы облыс аумағында 268 жылыту бекеті құрылған. Алдағы күндері тағы боран соғып, жел күшейеді деген болжам бар.