Апта соңында ауа райы қандай болады?
Түнде Шығыс Қазақстанда күн суытты.
Солтүстікте де аяз бен жел күшейді. Тіпті оңтүстіктегі Түркістан облысының таулы аумақтарында жаяу бұрқасын соғып тұр. Алматы облысындағы тау беткейлерінде қар жауып, тұман түседі. Жалпы Жетісуда біраз аумақта қар жауып, жауын-шашынды болып тұр. Көктайғақ. Желдің екпіні кей жерде секундына 22 метрге дейін жетеді. Батыс өлкеде де көктайғақ. Ал Астанада түнде 23-25 градусқа дейін суық. Күндіз 15-17 градус.
Елордада ақпанның 13-і, 14-інде күннің көзі аздап жібігенімен аптаның ортасы аяз, түнгі уақытта 33-35 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және солтүстікте күн 30-32 градус шамасында суытады.