Елімізде киік аулау уақытша тоқтатылды

Елімізде киік аулау уақытша тоқтатылды.

Оған қолайсыз ауа-райы себеп. Алайда бұл жұмыстар алдағы уақытта қайта жанданады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Мамыр айында ел аумағында киік санағы басталады. Өткен жылдың аяғында бөкен басы 2,6 млн-ды құраған. Оның бір жарым миллионнан астамы Орал сайғақтары.

Данияр Тұрғамбаев, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Ғалымдардың есебі бойынша Қазақстан территориясында оптималдық популяциясы 800-900 мыңға дейін. Одан асса ең біріншіден, бір-бірімен конкуренция болады, эпизотиялық аурудан өте үлкен қауіп бар бір-біріне жұқтырып популяцияның бәрін жоғалтып аламыз деген. Екіншіден, ол ауыл шаруашылығымен де бәсекелесте тұр. Шаруашылықты да ұмытпау керекпіз.