11 облыста көлік қозғалысы шектелді
Динара Қамзанова, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ресми өкілі.
Күннің қолайсыздығынан елдің 11 аймағындағы 46 жол учаскесінде жол жабық. Ақмола 15, Солтүстік Қазақстан облысында 9, Қостанайда 6, Ақтөбеде 4, Қарағанды мен Қызылордада 3, Түркістан облысында 2, ал Жамбыл, Жетісу, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бір учаскеде қозғалысқа тыйым бар. Республикалық маңызы бар автожолды қалпына келтіру үшін 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылды.