12 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Күннің қолайсыздығынан елдің 12 аймағындағы 32 жол учаскесінде жол жабық.

Ақмола 4, Ақтөбеде 4, Қарағанды облысында 9, Қызылордада 3, Түркістан облысында 2, ал Жамбыл, Жетісу, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бір учаскеде қозғалысқа тыйым бар. Республикалық маңызы бар автожолды қалпына келтіру үшін 796 техника және 1491 жолшы жұмылдырылды.

12 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

Абай облысында - 2 учаске

Ақмола облысында - 4 учаске

Ақтөбе облысында – 4 учаске

Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске

Жамбыл облысында - 1 учаске

Жетісу облысында - 1 учаске

Қарағанды облысында - 9 учаске

Қостанай облысында - 1  учаске

Қызылорда облысында - 3 учаске

Павлодар облысында - 3 учаске

Түркістан облысында - 2 учаске

Ұлытау облысында - 1 учаске.