Солтүстікке көктем кеш келеді
Наурыз келіп қалды дегенмен солтүстікте күннің көзі әзір жіби қоймайды.
Жиі қар жауып, бұрқасын соғады. Арты көктайғақ, тұман. Дегенмен түнеугүнгі аяздардың беті қайтқан. Қазір түнгі уақытта -15, күндіз -5 градус шамасында. Алдағы апталарда 15-25 градусқа дейін көтерілуі ықтимал+
Жалпы наурыздың алғашқы онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы күндіз 2-7 градус шамасында болмақ. Ал жаймашуақ күндер тек айдың үшінші онкүндігінде келеді. Оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр, жылбысқы қар жауады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, күндіз +10-18 градусқа дейін жылиды.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМҚ ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы:
- Қазақстанның солтүстік облыстарында Наурыз қыстың жалғасы болып табылады, жекелеген күндері қыс мезгіліндей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болжанады. Бұл күндері температура фоны төмен, түнде 15-25 градус аяз болады деп болжануда. Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасының күндіз 2-7°С жылыға дейін жоғарылауы болжанады.