Байланыс операторлары апат кезінде SMS жіберуге міндеттелді

Енді төтенше жағдай бола қалса, телефоныңызға жедел хабар келеді.

Мәселен, Алматыдағы жер сілкінісі кезінде хат-хабар тұрғындарға уақытылы жетпеді. Бұдан бұлай мұндай олқылық қайталанбауға тиіс. Әр байланыс операторына өз желісінде хабар алмасу технологиясын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл орман өрті қаупі бар аймақтарға да қатысты. Мұндай орындар коммуникациямен қамтамасыз етілмек. Cол арқылы азаматтар әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы апат болған кезде немесе төтенше жағдайда жылдам әрекет ете алады.