Бірқатар өңірде су тасқыны қаупі бар
Бірқатар өңірде күн күрт жылып, қар тез еруі мүмкін.
Осыған байланысты кейбір елді мекендерде су тасқыны қаупі бар. Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аумақтарында, ауа температурасы біршама жоғарылайды. Таулы аудандарда өзен мен көлдер арнасынан тасуы мүмкін. Қалған 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Күн күркіреп, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Абай, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда жаяу бұрқасын болып, батысты тұман торлайды. Ел бойынша жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді, - дейді синоптиктер.
Алина Исмағұлова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы:
- Ел аумағында жауған қар көлемі 72-ден 68 пайызға дейін азайды. 15 наурызға дейін республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Ертең орталық және шығыс Қазақстанда қатты жауын-шашын болуы мүмкін.