Ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Кейбір аймақтарда күн райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.
Бұл жайында Қазавтожол баспасөз қызметі хабарлады. Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Алматы облыстарында қалың тұман болжанып отыр. Ал Шығыс Қазақстан облысы, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Жамбыл облысында да жауын-шашын салдарынан кейбір жол учаскелерінде көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ елорда мен Ақмола облысында желдің екпіні күшейеді. Мамандар ұзақ жолға шықпас бұрын ауа райының қолайсыздығын ескерген абзал, дейді.