Қазгидромет: жаңбыр жауады деп күтіледі
Бүгін күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр сіркіреп, күн күркірейді.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік батысында жауын-шашын болады. Қазгидромет мамандарының мәліметінше, күн салқындап, еліміздің орталығы күндіз де, түнде де жаңбырлы болады деп болжанып отыр.
Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК ресми өкілі:
- Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде атмосфералық-фронталдық бөліміне өтумен ауа райының жақсы сипаты сақталады. Жаңбыр жауады. Солтүстік батысында, солтүстікте, республиканың орталығында түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжанып отыр.