Жүргізуші куәлігін алуға қатысты талаптар өзгерді
Елімізде жүргізуші куәлігін алуға қатысты талаптар өзгерді.
“А”, “В” санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін енді міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет. "Осы санаттағы көліктер кең таралған және олардың қатысуымен жол көлік оқиғасы жиі болады" дейді мамандар. Сондай-ақ темір тұлпарларды тіркеуге қатысты жаңашылдықтар бар. Егер сіз басқа аймаққа көшсеңіз, онда бұрын алған жоғары сұраныстағы нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Сондай-ақ теміртұлпарды бастапқы тіркеу кезінде техникалық сипаттама бойынша бірнеше қағаз құжат алынып тасталды. Олардың электронды нұсқасы пайдаланылады.