Балалардың қатысуымен жол апаты көбейді
Мектеп оқушылары демалысқа шықты.
Ойын баласы күнұзаққа далада жүруі мүмкін. Серуендеп көшеге шығады. Осы кезде қауіп бар. Өйткені ағылған көлік көп.
Былтыр 700 жол апаты болса, биыл небары 4 айда мың жарымға жетті. Көлік қақтығысы неге көбейді? Себебі неде?
Ойын баласын үнемі бақылап отыра алмайсыз. Өкініштісі, жазатайым оқиғалар болып жатады. Соның алдыңғы қатарында жол көлік апаты тұр. Жақында ғана Ақтөбеде көлік жүргізуші велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетті. Салдарынан бірінші сынып оқушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Ерболат Саркулов, Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Ақтөбе облысы
- Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе, іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең.
2023 жылы 700 жол апатында балалар зардап шекті, ал биылғы 4 айда бүл көрсеткіш 1500-ға жетті. Оның ішінде 51 бала опат болып, 1700-ге жуық бала жарақат алған. Мопедпен 300, велосипедпен 3 жол көлік оқиғасы тіркелген.
Балалардың қатысуымен болған жол көлік апаты бойынша ақпарат
2023 жылы – 700
2024 жылы 4 айда – 1500
Қаза тапқаны – 51
Жарақат алғаны - 1700
Мопедпен – 300
Велосипедпен – 3
Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:
- Қарапайым қағидаларды сақтау оның ішінде велосипед айдау, электросамокат басқару, мопед басқару деген сияқты жағдайлар өте көп кездесетін болады. Себебі балалар қазіргі таңда сабақтан босап, демалғаннан кейін сәйкесінше осы көлік құралдарының түрлерін соларды пайдалануға тырысады. Сәйкесінше оларды қай жерде қалай қолдану керек екендігі жөнінде естерінен шығармаса. Мәселен велосипедті көше жол тараптарында кішкентай балаларға пайдалануға болмайды.
Елде әр төртінші жол апатында балалар зардап шегеді. Әсіресе белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, қалтарыстардан жүгіріп шығу сынды жағдайлар жиі орын алады дейді мамандар.
Зарина Кәп, Абдулхамит Булекбаев