Күн 38 градусқа дейін ысиды

Маусымның алғашқы онкүндігінде елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстары мен Арқа өңірінде күн едәуір жылиды.

«Бұл Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының келуіне байланысты», – дейді синоптиктер. Ал елдің батыс, оңтүстік аймақтарында күн 30 градустан 38 градусқа дейін ысиды. Шығыс өңір мен Арқада 30 градусқа дейін жылы болады.

Сымбат Өсер, 1 санатты инженер-синоптик:

- Батыста 25-30 градусқа дейін, оңтүстік-батыста +30+39 градус, оңтүстік өңірлерде +27+38 градусты құрайды. Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқуы болжанып отыр.