Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Қыстың бірінші күні елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24kz.
Республика бойынша жел мен тұман күшейеді деп болжанады. Елдің оңтүстік және шығысында жауын жауып, салдарынан көктайғақ болады. Таулы аймақтарда қалың қар жаууы мүмкін. Ал еліміздің батыс бөлігінде қалыпты ауа райы сақталады. Елордада термометр бағаны 15 градусқа дейін төмендейді, ал Алматыда 5 градусқа дейін жылынады. Сондай-ақ елдегі алты өңірде ауа сапасы нашарлайды. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.