Көлігіне қысқы шина «кигізбеген» жүргізушілер жауапқа тартылады

Желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілері қысқы дөңгелекпен жүруге міндеттеледі.

Полицейлер мұндай талап сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертіп отыр. Яғни 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал олқылық қайталанған жағдайда айыппұл көлемі еселенеді. Қолданыстағы ережеге сәйкес, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқаруға шектеу қойылған.