EXPO көрмесінде бүгін Египет мемлекеті павильонының ашылу салтанаты өтеді. Ермұхамед, Мысыр елінің жаймасында қандай жаңа дүниелер мен нендей соны жаңалықтар бар екен? Ермұхамед Мәулен, тілші: -Дәл қазір біз өте қызықты әрі тартымды павильондардың бірінің ашылуында тұрмыз. Топырағын түртсең тарихы көрінетін Мысыр елі өзінің жұмбақтығымен тартымды екені анық қой. Сондықтан да олар көрмеге тарихты жаңа қырынан көрсететіндей етіп, «Египет плаза» деген тақырып қойыпты. Қатпарында қырық ою қыш ыдыстарды әртүрлі қырынан көрсететін жаңа технологияның да тыныстырылымы осы қазір өтеді. Одан бөлек, Мысырдың мәдениеті мен тылсым тарихын білгісі келген қонақтар қазірден бастап бұл павильонды бетке ала берсе болады. Бабамыз Бейбарыс Сұлтанның ел басқарған жерінен келген жәдігерлерді қолмен ұстап, көзбен көру көпшіліктің қызығушылынығн тудыртатыны анық.