Ұйқының қануы – ұзақ өмір сүрудің кепілі
Елде орта есеппен қарттық 64 жастан басталады. «Дегенмен бұл көрсеткіш бізде ғана емес, дүниежүзінде төмендеп барады», – дейді мамандар.
Жалпы адамның ұзақ өмір сүруіне түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, адамның жас ұзақтығы жылдың қай маусымында дүниеге келгеніне байланысты болуы да мүмкін. Тіпті күзде туғандар көп өмір сүреді деген пайымдаулар да бар. Ал таңертең ерте тұратын адам, әрине, ерте жатпаса, ұйқысы қанбайды. Сол себепті ағзаға күш түсетіні анық. Сондай-ақ мамандар: «Ұйықтаған соң терезені тұмшалап, тастай қараңғы бөлмеде, қаннен-қаперсіз ұйқыны қандыру керек», – дейді.
Жанна Нұрбергенқызы, профилактикалық ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, диетолог:
- Әр гормонның өзінің қыметі, бөлінетін уақыты болады. Адам тастай қараңғы бөлмеде ұйықтап жатуы керек деген бізде интегративті медицинада заң бар сондай. Сол кезде біздің ішкі қалыпқа келу жүйеміз іске қосылады, регенерация процесі жүреді. Бұзылған нәрселер қайтып қалпына келеді деген сияқты, яғни біздің ағзамыз өздігінен жаңарып отырады ұйықтаған кезде. Одан кейін таңғы 7-ге дейін бақыт гормоны шегіне жеткен кезде бізді ұйқымыздан оятады, көзімізді ашамыз сол кезде, ұйқы солай болуы керек.