Елімізде төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Елде 4 төрт фармацевтикалық зауыт салынады.
Жаңа жобалар Президент тапсырмасы шеңберінде фармацевтика саласындағы отандық өндіріс үлесін арттырып, импортқа тәуелділікті азайту мақсатында қолға алынды. Жобаларға жалпы сомасы 173 млрд теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорындар Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облыстарында орналасады. Мұнда әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда 356 дәрі-дәрмек түрін өндіру көзделген. Яғни онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуге арналған, иммунобиологиялық, вирусқа, суық тиюге қарсы және тағы да басқа препараттар өндіріледі. Жаңа кәсіпорындарда 700-ге жуық жұмыс орыны ашылады.
Аслан Қинаятов, ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры:
- Жалпы көлемде 72 әлеуметік маңызы бар препараттарды шығару жоспарланғанын ерекше атап өткен жөн. Жобаларды іске асыру қазақстандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін едәуір арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және халықты қолжетімді әрі сапалы дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.