Қазақстанда бір жылда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалды
2025 жылы елімізде 32 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалып, 6 мыңға жуық пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды «24KZ».
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, күрделі жүрек-қан тамырлары операцияларын жүргізуге өткен жылы 91,3 млрд теңге бағытталған.
Қазір Қазақстанда жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған заманауи хирургиялық әдістер кеңінен қолданылады. Кардиохирургиялық орталықтардың техникалық мүмкіндіктері жоспарлы және шұғыл жағдайларда пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек азаматтарға медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.
Министрлік мәліметінше, заманауи медициналық технологияларды енгізу және мамандандырылған орталықтардың дамуы жүрек ауруларын емдеу сапасын арттыруға бағытталған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз