Ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған паллиативті көмек орталығы ашылды
Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған алғашқы паллиативті көмек орталығы ашылды.
Медициналық бөлімше №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жұмыс істейді. Мұнда созылмалы әрі толық емделмейтін ауруы бар жеткіншектерге қажетті медициналық және психологиялық қолдау көрсетіледі. Бөлімшеде ата-аналардың ұл-қыздарымен бірге болуына жағдай жасалып, палаталар үй бөлмесіне ұқсас жабдықталған. Бөлім 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.
Марат Қаптағаев, қалалық №2 балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Бұл жерде негізгі жұмыс істейтіндер сол реаниматолог дәрігерлер тәулігіне 24 сағат қарайды. Бұл жердің жақсы жері ата-анасы қасында болады, кез келген уақытта кіріп қасында болып тамағын бере алады.