Шымкентте жиырмаға жуық күрделі операция жасалды
Түркістан облысының дәрігерлері Шымкенттегі клиникалық аурухана базасында жиырмаға жуық күрделі операция жасады.
Мамандар асқазан, ішек жолдары мен өңеш жарығын емдеді. Семіздік пен қант диабетіне шалдыққан науқастардың созылмалы дертіне ем жасады. Германия, Ресей және еліміздің білікті дәрігерлері шеберлік сағатын өткізді. Операция барысын аудан мен қала дәрігелері онлайн көріп отырды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында нейрохирургия мен терапияда қолданылатын инновациялық жетістіктер таныстырылды.
Жанболат Ділдабеков, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері:
- Жалпы санын айтатын болсақ 20-ға жуық науқасқа ота жасалып жатыр. Енді бүгінгі күні кешке дейін де ота жасау жоспарланып отыр. Науқастардың барлығы бақылауда. Жағдайына қарап біз жансақтау бөлімшесіне ауыстырамыз. Жазылатын күндерге жеткізіп, үйіне шығаруға жағдай жасаймыз.