Қазақстанда карантиндік қаупі жоғары індет түрі көбейген
Қазақстанда карантиндік қаупі жоғары індет түрлері көбейген.
Соңғы бес жылда төрт жаңа ауру тіркелді. Соның ішінде жемістердің бактериялық күйігі, АҚШ-тың ақ көбелегі деген өсімдік індеті бар. Ал биыл карантиндік өнімдерді импорттауға қатысты 1,5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Жалпы елде 77 фитосанитариялық бақылау бекеті жұмыс істейді, оның 32-сі сыртқы және 45-і ішкі бақылау. Осыған байланысты Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты елдегі фитосанитариялық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық білдірді. Институт"Өсімдіктерді қорғау" және "Өсімдіктер карантині туралы" Заңдарды өзектендіру, сондай-ақ карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің бірыңғай тізбесін қайта қарауды ұсынды. Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында саладағы өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Соның бірі ғылыми жобаларды қолданысқа енгізудегі кедергілер.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:
- Көптеген ғалымдардың зерттеп шығарып жатқан шығармалары бар ғылыми, ал өнідіріске әлі енгізілген жоқ. Неге деп сұрағанда, «екі жылға дейін біз қағаздар жинап жүруіміз керек» дейді. Бюрократия бар. шетелдегі ғалымдар да бізге қызығушылық білдіріп жатыр дейді. Ал біздің елімізде үш есе арзан технологияларды ендіру үшін бізде кем дегенде екі жыл қағаз жинап жүруіміз керек. бұлар депутаттардан осы көмекті сұрап отыр. Мұны жөндеу керек. Сол үшін де жиналып отырмыз.