Волонтерлер 10 мыңнан астам жасөспірімге жыныстық қатынас жөнінде кеңес берді
Жыныстық сауаттылықты арттыру.
Cаулық лайф волонтерлік қозғалысының жастары 10 мыңнан астам жасөспірімге репродуктивті денсаулық пен жыныстық қатынас жөнінде кеңес берді.
Бүгін еріктілер елордада өздері атқарған жұмыстың қорытындыларын жариялады. Жалпы бұл жобаға 350-ге тарта адам жұмылдырылған. Сондай-ақ волонтерлер Telegram-ботты да іске қосқан. Ол арқылы оқушылар жасырын түрде психологтар мен репродуктолог дәрігерлерден өздеріне қажетті кеңестерді ала алады.
Қанат Мырхайдаров, "Saulyq Life" жобасының жетекшісі:
- Жалпы біздің жастардың қызығушылығы жыныстық сауаттылық болсын, репродуктивтік денсаулыққа қатысты мәселені көбінесе 80 пайызы интернеттен іздейді екен және де ақпараттарды өзінің құрбыларынан, достарынан іздейді екен. Осы сәтті пайдаланып, біз еріктілерді дайындадық. Олар өзінің құрбылармен, достарымен кездесу барысында, отырыстарда өз денсаулығын қалай сақтай алады, соны айтады.