Мүгедектігі бар кеншілер денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін өмірбақи алуы тиіс
Мүгедектігі бар кеншілер денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді өмірбақи алуы тиіс.
Мәжіліс депутаттары осындай мәлімдеме жасады. Қазір тиісті төлемдер зейнетке шыққаннан кейін ғана беріледі. Шахталарда жұмыс істеп, еңбекке жарамсыз болып қалған мыңға жуық кеншінің өтініші бұл. Өз кезегінде депутаттар инфляцияны ескеріп қазіргі өтемақыны қайта есептеуді ұсынып, Премьер-Министрдің орынбасарына сауал жолдады.
Арман Қалықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз осы кәсіптегі қызметкерлердің орташа жалақысын ұлғайту кезінде, өтемақы сомаларын қайта есептеу қажет деп санаймыз. Жоғалған табыс бөлігіндегі зиянды орта үшін төлемдер өмір бойы төленуі тиіс. Аталған ұсыныстарды бізбен бірге пысықтауды сұраймыз.