Жетісу облысында қызылша өршіп барады
Жетісу облысында да қызылша жұқтырған науқастардың саны артып келеді.
Бүгінге дейін 417 адамның шалдыққаны зертханалық сараптама негізінде расталды. Мамандардың мәліметінше қараша айының бір аптасында он адамнан ауру белгілері анықталатын. Ал, осы айдың жеті күнінде 80 тұрғын дәрігердің көмегіне жүгінген. Сырқаттанушылардың басым бөлігі балалар. Жұқпалы ауру әсіресе Талдықорған және Алакөл ауданында өршіп тұр. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған дейін 2300 ден аса жеткіншекке екпе салынды.
Айдана Тәттіғалиева, дәрігер-эпидемиолог:
- Науқастармен жұмыс жасаймыз. Сондықтан да біздің коллектив медицина қызметкерлерінен бастадық еспемен қамтылуды. Қазіргі кезде 180 адам скл соның ішінде 60 адамдық қамтыдық. Екі күнге жалғасады.
Индира Күнбасова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Вакцина қоры 42 мың доза бар. Ол жаппай иммундауға қосымша жаппай иммундауға бәріне жеткілікті.